Душанбеде жол апатынан Тәжікстанның Конституциялық сотының судьясы Асрор Шарифзоданың ұлы Парвиз Шарифзода каза тапты. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.
Мекеме мәліметіне қарағанда, жол апаты 22 сәуірде кешкісін Душанбе орталығында болған. Шарифзодадан басқа жанындағы туысы да қайтыс болып, тағы төрт адам жарақат алған.
ІІМ жол апатына 20 жастағы Абубакр Тураев деген жүргізуші кінәлі екенін, Парвиз Шарифзода «өз жолағынан шықпай жүріп бара жатқанын» мәлімдеді.
Озоди радиосының дереккөзінше, Тураев тәжікстандық кәсіпкердің ұлы.
30 жастағы Парвиз Шарифзода президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқытушы болып жұмыс істеген. Әкесі Асрор Шарифзода Тәжікстанның Конституциялық сотының судьясы қызметіне 2019 жылы тағайындалған.
KAZAKBOL.COM