Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Душанбеде жолаушылар наразылығынан кейін Ресейге бірнеше рейс ұшыруға рұқсат берілді

KAZAKBOL.COM

Душанбе әуежайында жолаушылар наразылық білдіргеннен кейін, тәжік билігі «Северный ветер» әуе компаниясына Ресейдің бірнеше қаласына рейстер ұшыруға рұқсат берді.

Әуежайдың баспасөз қызметі 27 мамыр күні кешкісін Иркутск және Қазан қалаларына ұшақтар ұшқанын мәлімдеді. Санкт-Петербургке рейс бүгін ұшады.

Жолаушылар сөзінше, олардың қолында билет барына қарамастан, бір аптадан бері Ресейге ұшып кете алмай жатыр. Сәрсенбі күні наразылық білдірушілермен жолыққан Тәжікстанның Азаматтық авиация агенттігінің басшысы бұл мәселені шешуге уәде берген.

Өткен аптада Тәжікстанның Азаматтық авиация агенттігі билет бағаларының қымбат екеніне байланысты «Северный ветерге» берілген лицензияны қайтарып алған. Әуе компанияның ресми өкілдері биліктің мұндай айыптауын теріске шығарып, билет бағасын қымбаттатпағанын мәлімдеген.

Тәжікстан мен Ресей 1 сәуірден бастап тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіргенін жариялағанына қарамастан, азаматтар әуе билеттердің қымбаттығына және сатып алған билеттерімен ұшып кете алмай жатқанына наразылық білдірген.

Бүгінгі күні Тәжікстан мен Ресей ортасында рейстерді атқару құқығына «Сомон Эйр», «Орал әуе жолдары», UTair, «Сибирь» және «Ямал» әуе компаниялары ие.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM