Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Душанбедегі Ауғанстан елшісі Амрулла Салехті елдің заңды президенті деп атады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстандағы Ауғанстан елшісі 18 тамызда бірінші вице-президент Амрулла Салехті елдің заңды президенті деп атады.

Амрулла Салех Ауғанстан Конституциясына сәйкес елдің заңды президенті болып саналады деді ол.

Ол сонымен бірге президент Ашраф Ғанидың елден қашуын «сатқындық» деп атап, өзімен бірге мемлекеттің 169 миллион доллар ақшасын алып кеткенін мәлімдеді.

Амрулла Салех 2019 жылы өткен президент сайлауында Ашраф Ғанидың кандидатурасын қолдап, кейін бірінші вице-президент болған.

Салех тәліптердің басты қарсыласы. Оған өмірінде өте көп қастандық жасалған. Соңғы рет былтыр қыркүйек айында Кабулде оған қарсы шабуыл болды. Бірақ ол зардап шекпеді, жанындағы он адам қаза болып, он бесі жараланған.

Бұл уақытта Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд Ауғанстан халқын тәліптерге қарсы күш біріктіруге шақырып, қарсылық орталығы ретінде Панджшер провинциясын атады.

Ахмад Масуд француз басылымына «Талибан» әлі елді толық басып алмағанын, күресуге мүмкіндік бар екенін айтқан. Ол халықаралық қауымдастықты көмекке шақырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM