Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Джо Байден екінші мерзімге сайлауға қатысады

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылы өтетін президент сайлауына қатысады. Ол осылай деп Твиттер парақшасына жазды.

Байденмен бірге келесі сайлауға АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис те қайта баратынын жариялады.

Демократтар партиясынан 2024 жылға сайлауға қатысуға әзірге басқа үміткерлер шықпады. Ал Демократтар қарсыласы — Республика партиясынан бұрынғы президент Дональд Трамп үміткер болуы мүмкін. Бірақ оған бұрынғы сайлауда «қаражатты мақсатсыз пайдаланды және көшедегі қарсылық митингілерді қолдады» деген айып тағылуы оның беделін түсіруі мүмкін екені айтылып жатыр.

Республикашылдардан тағы бір талапкер — қазір Флорида штатын басқарып тұрған Рон Десантис болуы мүмкін екені айтылып жатыр.

Ақпан айында оңтүстік Каролина штатының экс-губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Никки Хейли Республика партиясынан үміткер болатынын мәлімдеген.

Джо Байден Американың 46-президенті болып 2021 жылы сайланған. Қазір жасы 80-де.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM