Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Джо Байден екінші президенттік мерзімге түскісі келетінін жариялады

KAZAKBOL.COM

АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылы президент қызметіне кандидат болғысы келетінін сәрсенбі күні ресми түрде мәлімдеді.

«Денсаулығым қазіргідей жақсы болса, өз кандидатурамды шынымен ұсынам», – деді ABC телеарнасы тілшісінің сауалына жауап берген президент Байден. Журналист саясаткерден екі президенттік мерзімде қызмет атқару жөніндегі сайлауалды уәдесі туралы сұраған. Джо Байденнің айтуынша, Республика партиясы президенттікке кандидат ретінде Дональд Трамп ұсынған жағдайда, ол екінші президенттік мерзім үшін күресуге әзір.

Джо Байденнің 2024 жылы президент сайлауына түсу-түспеу мәселесі америкалық баспасөзде кең талқыланып жатыр. Бұған президент рейтингінің құлдырауы себеп болды. 79 жастағы Байден тағы бір мәрте президент сайлауына түссе, ол АҚШ тарихындағы ең жасы үлкен кандидат атанады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Байден президент қызметі үшін күрестен бас тартса, Демократиялық партия вице-президент Камала Харрис пен көлік министрі Пит Бутиджичті президенттікке кандидат ретінде ұсынуы мүмкін.

Өткен аптада Ақ үй өкілі Джо Байденнің президенттікке күресетінін айтты. Ал Камала Харрис вице-президенттіке үміткер болады. Wall Street Journal газетінің мәліметінше, Джо Байден вице-президент Харриспен 2024 жылы Ақ үй үшін бірге күресу мүмкіндігін әзірге талқыламаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM