Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ДЗСҰО бір жылда шамамен 45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды

KAZAKBOL.COM

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың аудармасы – тұтынушы үшін дәрілік препарат туралы маңызды ақпарат көзі.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы қазақстандық нарыққа келіп түсетін дәрілер мен медициналық бұйымдарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды мемлекеттік тілге аудару және заңнамамен регламенттелген нұсқаулықтар, қаптама макеттері, заттаңбалар, стикерлер, жарнамалық материалдар аудармаларының сәйкестілігін тексеру қызметтерін сараптама шеңберінде орындайтын еліміздегі бірден бір ұйым болып табылады.

Сонымен, өткен жылы Ұлттық орталықта 100 мыңнан астам парақ мемлекеттік тілге аударылған және сәйкестік тұрғысынан тексерілген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23% көп. Оның 45 мыңнан астамы – нұсқаулықтар аудармасы. Қазақстанда әрбір дәрілік заттың қазақ және орыс тілдерінде толық сипаттамасы болуы керек екені белгілі, өйткені ол пациентті препарат туралы: құрамы, шығарылу түрі, қолданылуы, қарсы көрсетілімдері, дозалау режимі, басқа дәрілермен өзара әрекеттесуі және т.б. жөнінде қажетті ақпаратпен таныстыратын маңызды құжат.

«Дәрілік нұсқаулық пациент үшін дұрыс қабылданған препараттың емдік әсермен қамтамасыз етуінің және оны денсаулығы мен өміріне төнетін қолайсыз зардаптардан сақтандыруының кепілі болып табылады. Сондықтан нұсқаулық мәтіні тек медициналық қызметкерге ғана емес, сондай-ақ әрбір пациентке түсінікті болу үшін оның аудармасы өте сапалы болуы тиіс. Өйткені, препараттың аңдатпа-мазмұнында қателік орын алған жағдайда пациенттердің өте көп ауқымы зардап шегуі мүмкін, өз кезегінде, бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі», – деп атап өтеді ДЗСҰО бас директорының дәрілік заттар жөніндегі орынбасары Баян Молдахметова.

Дәрілік препараттар нұсқаулықтарының мазмұны препараттың өзін медициналық қолдану барысында өзгеруі мүмкін екенін еске саламыз. Сонымен, елімізде тіркелген дәрілік заттар бүкіл тіршілік айналымы бойына қауіпсіздік мониторингінен өткізіледі. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі кезінде бұрын нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз реакциялар немесе емдік әсері анықталған жағдайда дер мезгілінде өзектілендіру үшін қолданыстағы нұсқаулықтарға өзгерістер енгізілуі тиіс.

 

ДЗСҰО баспасөз қызметі Тел: + 7 (7172) 78-99-05

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM