Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЕҚЫҰ: Қазақстандағы президент сайлауы айқын бәсекесі жоқ саяси ахуалда өтті

KAZAKBOL.COM

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) адам құқығы және демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясы Қазақстанда 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауы бәсеке жоқ саяси ахуалда өтті деп санайды.

Бұл жөнінде ұйымның бүгінгі мәлімдемесінде айтылған.

«Іс басындағы президент барлық парламенттік партиялар атынан ортақ кандидат тәрізді сайлауға түсті, бірақ оған шын мәнінде бәсекелес болған жоқ. Байқаушылар сөзінше, негізгі бостандықтары мен құқықтарының шектелуіне байланысты азаматтардың саяси процеске толық мәнде қатысуы бұрынғыша айтарлықтай шектеліп отыр» дейді ЕҚЫҰ арнайы бақылау миссиясының мәлімдемесінде.

ЕҚЫҰ байқаушылары «сайлау науқаны туралы БАҚ-та мардымсыз жазылуы және сараптамалық репортаждардың жоқтығы, соның ішінде онлайн хабардың болмағаны да сайлаушылардың саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігін шектеген» деп санайды.

«Тәуелсіз кандидаттардың президенттікке түсуіне рұқсат етілмейтіні, олардың білімі, туған жері, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы органда жұмыс істеген тәжірибесі туралы талаптар Қазақстанның ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемелері мен өзге де халықаралық стандарттарға сай келмейді» дейді миссия.

Миссия ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның бұған дейінгі ұсыныстары орындалмағанын, нормативтік-құықтық база халықаралық стандарттарға сай еместігін айтқан.

Мәлімдеме қорытындысында «алдағы парламент сайлауында бүгін айтылған мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар екенін» құлаққағыс еткен.

21 қарашада Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Қорытындыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға қатысқан сайлаушылар дауысының 81,31 пайызын алғанын көрсеткен.

Сайлау қарсаңында және сайлау күні сайлауға көзқарасын білдірмек болған белсенділер қудаланған, тәуелсіз бақылаушылар дауыс беру процесі мен дауыстарды санау кезінде қысым жасалғанын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM