Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Еңбек министрлігі балалар жәрдемақысы туралы мессенджерлерде таралған ақпаратты «фейк» деп атады

KAZAKBOL.COM

Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі 1 қазаннан бастап әр балаға 11 мың теңгеден (шамамен 28 доллар) жәрдемақы төленеді делінген ақпаратты «фейк» деп атады. Жалған ақпарат мессенджерлерде таралған.

Жалған ақпарат таралды делінген министрлік мәлімдемесінде. Онда осы күні төленіп жүрген жәрдемақылар тізімі көрсетіліп, қазанда ешқандай ақша берілмейтіні айтылған.

Министрлік әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдері әзірленіп жатқанын хабарлады. Мұндай ұсынысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған.

Қыркүйек айының басында Тоқаев халыққа жолдауында жағдайы нашар отбасыларға әлеуметтік көмек беру механизмі дұрысталатынын айтқан. Қазақ билігінің мәліметі бойынша, бес жылда әлеуметтік көмек алатындар саны 77 мыңнан 1,8 миллионға артқан.

Бұл күндері жоғары лауазымды шенеуніктер «масылдар» көбейіп бара жатқаны туралы көп айтып жүр. Әлеуметтік көмек берілерден бұрын елде көп балалы аналар бірнеше ай бойы митингтерге шыққан еді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM