Енді азаматтар еңбек министрлігінің жауабын тез арада алып, еңбек заңының бұзылуы туралы жылдам хабар бере алады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов айтқандай, енді азаматтар еңбек министрлігінің жауабын тез арада алып, еңбек заңының бұзылуы туралы жылдам хабар бере алады, деп хабарлайдыSputnik Қазақстан.
«Даулы мәселелерді шешу, еңбек ету үшін қауіпсіз жағдай туғызу, жұмысшыларды қызметтен босату. Биыл ақпаратты тез арада алу үшін министрлікке халықпен WhatsApp арқылы байланысу ұсынылды. Осы нөмір бойынша кез келген еңбек заңына қатысты сұраққа жауап ала аласыздар», — деді Сарбасов орталық коммуникациялар қызметі брифингінде.
+7-700-101-14-14 WhatsApp номері арқылы еңбек министрлігінің жауабын тез арада алып, еңбек заңының бұзылуы туралы жылдам хабар беруге болады.