Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ЕҚЫҰ: Аймақтағы журналистер қысымға жиі ұшырайды

KAZAKBOL.COM

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезирдің сөзінше, Орталық Азия журналистері жиі қысымға ұшырайды. Бұл туралы Арлем Дезир Астанада бүгін басталған БАҚ жөніндегі XX Орталық Азия медиа-конференциясында мәлімдеген.

— Аймақтағы журналистердің белгілі бір қысым астында жұмыс істейтіні байқалады. Оларға, әсіресе, биліктен ақпарат алу қиын. Журналистер саяси мәселелерді, жемқорлық пен жекелеген пікірлерді хабарлауға сескенеді. Егер, жариялай қалса қысымға ұшырауы мүмкін. Сот процестері кезінде журналистерге әділетсіз шешім шығатыны, негізсіз айыппұл салынып, тіпті, қамауға да алынатынын да байқаймыз, — деді жиында сөйлеген Арлем Дезир.

Алайда Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бұл пікірмен келіспейтінін байқатты. Журналистердің сөз бостандығына қатысты сұрағына министр «жекелеген жағдайлар болуы мүмкін, бірақ сіздерге пікір білдіргенімнің өзі сөз бостандығының индикаторы емес пе?» деп жауап берді.

Екі күнге созылған жиынның тақырыбы – «Журналистика болашағы». Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Моңғолиядан өкілдер келді. Жиында фейк ақпаратпен күрес, сапалы ақпарат мәселесінен өзге Қазақстандағы сөз бостандығы 2010 жылғы Астана саммитінен соң қалай өзгергені талқыланып жатыр.
centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM