Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Эфир бойы балағат сөз айтқан танымал блогер мен тележүргізуші ұятқа қалды

KAZAKBOL.COM

Белгілі тележүргізуші, радиожүргізуші Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына келген IT маманы, Facebook желісінің белсенді қолданушысы, блогер Садық Шерімбек отандық жұлдыздардан Кәмшат Жолдыбаевамен төсектес болғысы келетінін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған Садыққа: «Отандық әншілердің ішінде кіммен төсектес болғыңыз келеді?» деген сұрақ қойды, ал блогер болса еш ойланбастан Кәмшат Жолдыбаевамен деді.

«Мен мұны бұрын да айтқанмын, Кәмшат Жолдыбаевамен төсектес болар едім. Құдай бүкіл әлемге берген сұлулықтың жартысын Кәмшат Жолдыбаеваға, жартысын қалған әлемге беріп қойған сияқты.

Мәселен, Аттила тірі болған кезде уақытының жартысын әлемді жаулауға емес, Кәмшат Жолдыбаеваның жүрегін жаулауға кетіретін еді деп ойлаймын. Тіпті уахи жеткізетін періштелердің өзі Кәмшат Жолдыбаеваның дидарын көзінің қырымен көріп қалған кезде ақылы мен қанаттары өздеріне бағына алмай, Тынық мұхитының бір жағында талып жатқан болар еді»,-деді Садық.

Еске салсақ, Аман Тасығанның алғашқы бағдарламасының қонағы атышулы «Қалаулымның» қатысушысы Замира Сұлтанмен өткен еді. Видеоны көрген желі қолданушылары елімізге белгілі журналистің төсек қатынасы туралы сұрақ қойғанын қатаң сынға алған.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM