Германияда зейнеткер отбасылық жұп Баварияда буги-вуги би байқауына қатысып, танымал болды, — деп хабарлайды L!FE.ru.
Жарыстың өткеніне үш апта болса да, Желіге жүктелген осы жұптың видеосын қолданушылар 61 миллион рет қараған.
Басылым мәліметінше, видеоның басты қаһармандары — 64 жастағы Неллия және 70 жастағы Дитмар Эрентраут. Бұл жұп әрдайым осы буги-вуги би жарысына қатысып тұрады екен. Дитмар бірнеше рет жеңімпаз атанған — Австрияда төрт рет және Германияда 1995 жылы бір рет.
Зейнеткерлер жұбының айтуынша, олар бұл байқауларға жүлде үшін емес, көңіл көтеру үшін қатысады екен.