Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Екі қазақстандық боксшы АҚШ-та өз қарсыластарын нокаутқа түсірді(видео)

KAZAKBOL.COM

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақ кәсіпқой боксшысы Мадияр Әшкеев АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өткен бокс кешінде америкалық Шон Кэмеронды жетінші раундта техникалық нокаутпен ұтты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек жетінші раундтың екінші минутында тоқтатылды. Төрешілер Шон Кэмеронның кездесуді жалғастыруға қауқары жетпейтінін байқап, Мадиярды уақытынан бұрын жеңімпаз ретінде таныды.

Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз осыған дейінгі барлық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен.

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді. АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз мексикалық боксшы Хавьер Ольвераны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Екінші раундтың 1:15 минутынан кейін төрешілер жекпе-жекті тоқтатты. Мейірім айқын жеңіске жетіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM