Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі және Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айыппен сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
Экс-министрге қатысты сот отырысы биыл сәуір айында басталған.
Мемлекеттік айыптаушы Мұхамедиұлыны тоғыз жылға соттауды сұраған. Бұдан бөлек антикоррупциялық қызмет экс-шенеунікке «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік жолмен басып алған деген күдік келтіріп отыр.
Бұл іске қатысты басқа фигуранттар Алмаз Нұразханов, Азамат Көшенов және Айым Сәдуақасова жеті жылға сотталып, оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.
KAZAKBOL.COM