Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Экс-президент тұрған үй қарттар үйіне берілмек

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қоры елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың өзі тұрған үйін балаларға арналған білім беру және сауықтыру кешені ретінде ашуға тапсырма бергеніне байланысты мәлімдеме жасады.

Осының алдында Қырғызстанның Мемлекеттік мүлікті басқару қоры экс-президент Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таштағы үйін мемлекетке өткізу процесі аяқталды деп мәлімдеген.

«Атамбаевтың жақтастарының ол үйді балаларға арналған орталыққа айналдыруға құқығы жоқ. Себебі бұл үй мемлекет меншігіне өтті. Біз қазір оны қарттар емделетін орталыққа айналдыруды қарастырып жатырмыз», — деді мемлекеттік қор өкілі.

2020 жылдың маусым айында Бішкектің Бірінші май аудандық соты Алмазбек Атамбаевты қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босатты деген айыппен 11 жыл екі айға соттаған.

2020 жылдың қазан айындағы төңкерістен кейін экс-президенттің қорғаушылары сот процесі кезінде заң бұзушылықтар орын алды деп, Жоғарғы соттан барлық үкімнің күшін жоюға қол жеткізген.

Алайда 2021 жылдың күзінде Бас прокуратура 2020 жылғы Жоғарғы соттың шешімін қайтарып алу жөнінде шағымданған. Жоғарғы сот істі қайта қарау жөнінде шешім шығарып, кейін экс-президентке қатысты бірінші инстанция үкімін күшінде қалдырды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM