Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Эквадордағы зілзала: Қаза тапқандар саны 77 адамға жетті, 600-ге жуығы жаралы

KAZAKBOL.COM

Эквадор президенті Рафаэль Корреа төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

 

 

Эквадор жағалауындағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 77 адамға жетті, тағы 588 тұрғын жапа шеккен. Бұл туралы ел вице-президенті Хорхе Глас Эспинель мәлім етті, деп жазады bnews.kz.

«Қазіргі таңда 77 адамның көз жұмғаны туралы дерек расталып отыр, тағы 588-і жараланған», — деп мәлім етті Глас. Эквадор геофизика институтының мәліметінше, кеше кешке (Мәскеу уақытымен бүгін таңертең) ел жағалауында магнитудасы 7,8 жерасты дүмпуі тіркелген. Зілзала ошағы Педерналес қаласы ауданында, 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Римде жұмыс сапарымен жүрген Эквадор президенті Рафаэль Корреа төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгін күндіз мемлекет басшысы еліне оралады деп күтілуде.

Фото:www.bbc.com



KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM