Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Елеусізов: Билік Ресейге зымыран құлайтын жер беру үшін халықпен ақылдасқан жоқ

KAZAKBOL.COM
Мэлс Елеусізов. Фото: today.kz

Ақтөбе мен Қостанай облыстары аумағынан «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын «Союз» зымыран тасығышының қалдықтары құлайтын жер телімдерін Ресейге жалға берген Қазақстан билігі, бізбен кеңескен жоқ, деді «Табиғат» экологиялық одағының басшысы Мэлс Елеусізов Caravan.kz тілшісіне берген сұхбатында.

«Ақылдасқан жоқ. Біздің ғалымдар не қарап отыр. Академия бар, неге үндемей отыр? Қаншалықты зиян келтіретінін әуелі зерттеп алу керек еді. Өйткені, оның биологиялық жағы бар. Ауыл шаруашылығына әсері болады», — деп күйінді белгілі табиғат жанашыры.

Елеусізовтың пайымдауынша, соңғы жылдары киіктердің жаппай қырылуына 80-ші жылдары табиғи жолмен сұрыпталудың болмауы әсер еткен. Енді зымыран тасығыштар Қостанай мен Ақтөбе өңірлеріне құлайтын болса, онда жағдай тіпті мүшкіл болуы ықтимал көрінеді.

«Табиғатта жануарлардың әлсізі өліп, мықтысы қалады. Ал бізде 1980 жылдары керісінше, мүйізі үлкен ең ірілерін жаппай атып, қыру басталды. Мүйіздерін вагондап Қытайға тасыдық. Осыдан барып киіктердің иммундық жүйесі бұзылып, әлсіреді», — деді ол.

Дегенмен, ғарышты игеру саласын қолдайтын эколог, нақты зиянын көрмей жатып, аталған шешімді тоқтатуға болмайды, деген ой айтады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM