Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Елімізде қыз-келіншектер несиесін өтеу үшін аналық жасушасын тапсыруда

KAZAKBOL.COM

Елімізде қыз-келіншектер несиесін өтеу үшін аналық жасушасын тапсыруда

18 января 2018, 09:25
Қазіргі кезде бір бала туған әйелге ғана донор болуға рұқсат бар.

Қазақстанда өз еркімен аналық жасушаларын донорға тапсыратын қыз-келіншектер аз. Сол себепті жасанды ұрықтандыруға келетін әйелдерге донор жасушалары табылмай жатады, деп xабарлайды  ҚазАқпарат.

Қазақстандағы жасанды ұрықтандырудың авторы, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарованың айтуынша, елімізде бала туатын уақытты өткізіп алған қыз-келіншектер көп. Бұдан бөлек, саналуан сырқаттардан кейін бала көтере алмайтындар да аз емес.

«Бізге 40-тан асқан әйелдер келеді. Баласы апаттан, болмаса, аурудан қайтыс болған аналар да бар. Олар қайғырып, ұзақ жүріп қалады. Ауру-сырқатын емдеп жүріп қалатындар да бар. Ондай әйелдердің аналық жасушасы (яйцеклетка) аз болады. Олар тек донорлық жасушалармен ғана бала көтере алады. Жақын апа-сіңілері де өз аналық жасушаларын беруге көп келісе бермейді. Өйткені донорлық жасушаларды алу үшін көп препараттар егу керек. Адам ағзасына үлкен салмақ түседі. Осындай жағдайда донорлық жасушаларды табу қиын», — дейді С.Байқошқарова.
Ғалымның айтуынша, бүгінде аналық жасушаларды сақтайтын креобанк бар. Бірақ оны кеңейту керек. Себебі донорлық жасушалардың тапшылығы барынша байқалады.

«Мысалы, Америкада донорлық жасушаларды күйеуге тимеген, бала тумаған 20 жастағы бойжеткендерден алады екен. Америкалық профессор колледж «студенттерінен аламыз» дейді. Олар 10 мың доллар береді екен. Бізде ондай ақшаны кім береді? Онда елдің бәрі жұмысты қойып, донор болады ғой. Бізде көп болса, 200-300 мың теңге. Сол үшін ақша аламыз деп барады. Өйткені несиесін жабу керек. Баласына бірдеңе әперу керек. Негізі, донорға бәрі бірдей келе бермейді», — деп атап көрсетті С.Байқошқарова.
Оның ойынша, бүгінде аналық жасушаларды тапсыратындарды қатаң іріктеуді қолға алу қажет. Қазіргі кезде бір бала туған әйелге ғана донор болуға рұқсат бар. Оған қоса, тек жас келіншектер ғана аналық жасушыларын тапсырса, сан алуан түсініспеушіліктердің алдын алуға болады.

Жалпы, бүгінде Қазақстанда аналық жасушаларды тапсыру да, салу да құпия түрде жүргізіледі. Ондайда жасушаны тапсыратын және алатын адам бір-бірін білмейді.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен конференция аясында С.Байқошқарова жасанды ұрықтандыруды барынша арзандатуға болатынын жеткізді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM