Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Еліміздегі ең алғашқы McDonalds 8 наурызда ашылады

KAZAKBOL.COM

Қазақстандағы ең алғашқы «МакДональдс» мейрамханалар желісі 8 наурыз күні Астанада ашылады.

Бұл туралы бүгін Мәскеуде өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстандағы «МакДональдс» франшизасының иесі Қайрат Боранбаев мәлімдеді.

Бұл туралы skifnews.kz хабарлайды.

Осылайша Қазақстан McDonalds брендін қабылдаған әлемдегі 120-шы мемлекет атанып отыр. Қайрат Боранбаевтың айтуынша, осынау америкалық компанияның елімізде өкілдігін ашу үшін он жылға жуық уақыт кеткен.

«Алдымен Қазақстанда 8 «МакДональдс» мейрамханасын ашамыз: төртеуі Астанада, төртеуі Алматыда. Мұнан кейін олардың санын жақын уақытта 15-ке жеткізу көзделіп отыр. Ал, болашақта бүкіл облыс орталықтарында McDonalds мейрамханалар желісі болады» деп атап өтті Боранбаев.

Әзірге МакДональдс тағамдарына қажетті өнімдердің негізгі бөлігі Ресейден тасымалданатын болады. Өйткені, Қазақстанда осынау әлемдік брендтің стандраттарына сай келетін өндіруші жоқ. Қазақстан тарапы тек сусындармен ғана қамтамасыз етеді.

«Әрине, біз өз еліміздің өндірушілерінің осынау бизнеске қатысқанын қалаймыз. Дегенмен, МакДональдстың 500-дей талабы бар. Оның бәріне жауап бере алатын Қазақстанда өндіруші әзірге жоқ. Бірақ, алдағы уақытта болатынына сенімдіміз» деп атап өтті Қазақстандағы «МакДональдс» франшизасының иесі.

Айта кетейік, Қазақстандағы McDonalds мейрамханаларының негізгі қызметкерлері Ресей мен Беларус елінде 1 жылға жуық уақыт біліктілігін арттырған.

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM