Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Елу долларлық «алтын су» сауда маркасы Ташкент басшысының қызына тиесілі

KAZAKBOL.COM

Murad Buildings компаниясының негізін қалаушы Мурод Назаров алтын бөлшектері бар «Ocard» суы сауда маркасы Ташкент басшысы Жахонгир Артикхожаевтың қызына тиесілі екенін айтты.

Кәсіпкер Мурод Назаров жақында «Ocard» суы жарнамасының ролигінде Джеймс Бонд рөлін сомдады.

Журналистердің бірі кәсіпкерден: «Сіз «Ocard» суын жарнамалайсыз. Сауда маркасы сізге тиесілі ме?» — деп сұраған. «Жоқ, ол Жахонгир Артикхожаевтың қызына тиесілі. Көбі мені жарнамаға түсуге шақырады. Бірақ біз актер, не жарнама агенттігі емеспіз. «Ocard» суын жарнамалауға бірден келістім», — деп жауап берді Назаров.

Кәсіпкердің айтуынша, Джеймс Бонд образын жарнамада сомдау идеясын Ташкент мэрі Артикхожаев ұсынған. Соның өтінішімен Назаров бұл жарнамаға тегін түскен.

«Екі күн түсірдік. Денем әбден көгерді. Каскадер шақырмадық, трюктердің бәрін өзім орындадым. Бір апта емделуге тура келді. Актер болу оңай емес», — деді Назаров.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Ocard» суының бір бөтелкесі 515 мың сум (шамамен 50 доллар) тұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM