Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Эмомали Рахмон: Қоршауда қалған Панжшерде гуманитарлық дағдарыс басталды

KAZAKBOL.COM

Ауғанстандағы, әсіресе Панжшердегі жағдай қиындап барады, деп мәлімдеді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Тәжік басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің Душанбедегі саммитін ашты.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан президенттері, Пәкістан премьер-министрі, Ресейдің сыртқы істер министрі, ұйымдағы бақылаушы елдер – Беларусь пен Иран басшылары қатысып жатыр.

Ресей, Қытай және Моңғолия президенттері мен Үндістан премьер-министрі Душанбедегі саммитке онлайн әдісімен қосылды.

Эмомали Рахмонның мәлімдеуінше, «Талибан» қозғалысы Ауғанстанда державалық басқару енгізуді көздейді. Бір күн бұрын, ҰҚШҰ жиналысында, Тәжікстан басшысы тәліптер инклюзив үкімет құрудың орнына, шариғаттың ортағасырлық қатаң заңдарына негізделген ислам әмірлігін құратынын жариялады деп мәлімдеген.

Рахмон Панжшер провинциясындағы қиын жағдайға алаңдайтынын айтты. Оның мәлімдеуінше, тәліптер шатқалға шығатын жолды толық бекіткен, соның салдарынан ауданда гуманитарлық дағдарыс басталған.

Тәжікстан президенті БҰҰ, Халықаралық Қызыл Крест және басқа да халықаралық гуманитарлық ұйымдардың басшыларын Ауғанстан халқына көмек беруге шақырды.

Тәжік басшысының пікірінше, Ауғанстанның мемлекеттік құрылымы азаматтардың барлығының ұстанымы мен қалауын ескере отырып анықталуы тиіс.

16 қыркүйекте Ауғанстандағы жағдай Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдер басшыларының Душанбедегі саммитінде талқыланды. Жиынға қатысушылар оңтүстік шептегі жағдайға алаңдайтынын айтты, бірақ ешқандай нақты шешім қабылдамады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM