Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Эмомали Рахмон Таулы Бадахшандағы оқиға жөнінде: «Басқа амал болмады»

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 18 маусымда Дангара ауданында жергілікті және республикалық органдардың жетекшілерімен кездесіп, Таулы Бадахшанда болған оқиға жайында айтты. Ол қаруланған адамдарды жоюға бұйрық бергенін, басқа амалы болмағанын айтты.

“Рушанда аудан төрағасын, төраға орынбасарын сабады, түсінесіздер ме, әйелді, тәжікті…Ұлттық қауіпсіздік колоннасы келгенде, 13 әскериді жаралады. Бір офицер қаза болды. Басқа амал қалмады. Олардың қаруланып алған. Рушанда көпірді жармақ болды. Мен күш құрылымдарына мүмкін болғанша, олардың көзін жоюға және қамауға алуға бұйрық бердім. Мемлекет міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бұл міндетті атқару мемлекеттікі және мемлекет басшысыныкі”, — деді тәжік президенті.

Эмомали Рахмон Таулы Бадахшандағы тәртіпсіздік үшін “шағын топтарды” айыптап, аймақтың негізгі тұрғындары кінәлі емес деді:

“Отыз жыл. Бұл жылдар аралығында күш құрылымдары олардан 3-4 мың оқ-дәрі алды. Оларды шетелден басқарып отырды. Қысқа мерзімде оларға 2,3 млн доллар қаражат бөлген. Оларды басқарып отырған Ислам қайта жаңғыру террористік партиясы және жетекшісі. Мақсат – төңкеріс жасау”.

Президент бұл қаражат аймаққа қалай жеткенін айтпады. Билік өкілдері осыған дейін елдегі оппозиция белсенділерінен 13 000 доллардан кем емес ақша тәркілегенін мәлімдеген. Оппозиция өкілдері мұны теріске шығарды.

Таулы Бадахшан автоном облысында 16-17 мамырда жергілікті тұрғындар жаппай көтеріліп, облыс әкімінің қызметінен кетуін талап еткен. Толқу кезінде бірнеше адам қайтыс болды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 16 адам қайтыс болып, 220 адам жараланған. Тәуелсіз ақпарат құралдары қайтыс болған адамдардың саны 30-дан асатынын айтады. Аймақта телефон және интернет байланысы болмады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM