Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Энергетика министрі «Ресейге салынған санкция Қазақстан мұнайына әсер етпейді» дейді

KAZAKBOL.COM

Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов Ресейге салынған санкция Қазақстанның мұнайына әскер етпейді деді.

«Қазір Қазақстан мұнайына ешқандай санкция салынған жоқ, Ресей арқылы мұнай тасымалдауға да санкция жоқ. АҚШ кеше Ресей мұнайын сатып алудан бас тартты, бірақ бұл жағдайда Қазақстан үшін бастысы бұрынғыдай жұмысын жалғастыра беру» деді министр 10 наурызда үкімет кулуарында журналистерге.

Ақшолақов Ресей арқылы өтетін мұнай құбырларына, Қазақстан мұнайына ешқандай санкция жоқ деп мәлімдеді. Оның сөзінше, биыл Қазақстан мұнай экспортын азайтпайды, жыл бойы 87,5 млн тонна мұнай өндіру жоспары орындалады.

Министр Қазақстан мұнайын экспорттау үшін «басқа да маршруттар қарастырылып жатқанын» айтып, Қытай мен Еуропаны атады.

«Қазірге санкция салынған жоқ, сондықтан мұнайдың белгілі бір мөлшерін басқа құбыр арқылы жіберу жоспары жоқ. Қалыпты жағдайда жұмыс істеп мұнайды «Каспий құбыр желісі консорциумы» арқылы, Атырау – Самара арқылы жібере береміз» деді Ақшолақов.

«Каспий құбыр желісі консорциумы» арқылы әлемдік нарыққа күніне 1,2 миллион баррель мұнай шығарылады, бұл әлемдік мұнай тасымалының 1,2 пайызын құрайды. Қазақстаннан шығатын мұнайларды Chevron, Exxon Mobil, Eni және Shell компаниялары өндіреді.

Кейінгі күндері «Каспий құбыр желісі консорциумы» Ресей санкциясынан зардап шеге бастады, себебі сатып алушылар бұл құбыр арқылы өткен мұнай Ресейдегі мұнай сортымен араласатынын айтады.

Ресей Украинаға соғыс ашқан соң Батыс елдері Мәскеуге санкцияны күшейтіп, АҚШ пен Ұлыбритания Ресей мұнайы мен газы сатып алудан бас тартты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM