Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ердоған Ресейдің Қырымды аннексиялауын Түркия мойындамайтынын тағы мәлімдеді


Анкара Украина аумағының тұтастығы сақталғанын қалайды, Ресейдің Қырымды аннексиялағанын мойындамайды. Түркия президенті Режеп Ердоған БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясында осылай деп мәлімдеді.

Түркияның сыртқы істер министрлігі бұның алдында аннексияланған Қырымда Мемлекеттік дума сайлауын мойындаудан бас тартқан. Оның нәтижесінің Анкара үшін заңдық күші жоқ, өйткені Түркия Украинаға тиесілі түбек Ресейге заңсыз қосылды деп есептейді, деп мәлімдеді түрік министрлігі.

Кремль Түркияның сайлауды мойындамауын жөнсіз деп есептесе, Ресейдің сыртқы істер министрлігі осыған орай тиісті пайым жасауға уәде берді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Ресей Түркияның Қырымды мойындауға қатысты ұстанымын өзгертеді деп үміттенеді.

Ердоған Ресейдің Қырымды аннексиялауын ешқашан мойындамайтынын бұған дейін де бірнеше мәрте мәлімдеген.

Қырымдағы гуманитарлық жағдайды, түбектен шыға алмай отырғандарды, соның ішінде қырым татарларын босату мәселесіне Түркия қалай ықпал ете алатынын Режеп Ердоған сейсенбіде Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен талқылады. Келіссөзде әскер саласындағы әріптестік мәселесі де сөз болды. Президенттер экономиканы да талқылады. Олар екі ел арасында еркін сауда туралы келісім қажет деген ұстанымға тоқтады.

Украина президенті Владимир Зеленский 22 қыркүйекте жергілікті уақытпен түстен кейін БҰҰ Бас ассамблеясында баяндама жасайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM