Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ердоған: Түркия барлау қызметі ИМ басшысын Сирияда өлтірді

KAZAKBOL.COM

«Ислам мемлекеті» ұйымының басшысы Әбу әл-Хусейн әл-Курейшиді Сирияда түрік барлау қызметі өлтірді.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 30 сәуірде TRK Turk телеарнасы эфирінде осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ал-Курешидің көзін жою операциясы сенбі күні Сирияда өткен, ал MIT түрік барлау қызметі ұзақ уақыт бойы оның соңына түскен. Түркия террористік ұйымдармен күресін жалғастыра береді, деп мәлімдеді Ердоған телеарнаға берген сұқбатында.

Рейтер агенттігінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Әбу әл-Хусейн әл-Курейшидің көзін жою операциясы Сирияның солтүстігінде, Түркиямен шекараға жақын орналасқан Жандарис қаласы маңында өткен. Жергілікті тұрғындар агенттікке қалада атыс, жарылыс болғанын айтқан. Операция өткен жерді қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері қоршауға алған.

2022 жылғы 3 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден америкалық әскер Сирияда ИМ басшысы Әбу Ибрагим әл-Хашими әл-Курешидің көзін жойғанын хабарлаған. Ол бұл ұйымды Әбу Бәкір әл-Бағдади өлгеннен кейін басқарған.

Ұйым басшылығына Әбу Хасан әл-Хашими әл-Курейши келген. Алайда 2022 жылғы желтоқсанда ИМ оның қаза болғанын мәлімдеген. Сол кезде ұйым басшылығына Әбу Хусейн әл-Хашими әл-Курейши келгені мәлім болған.

«Ислам мемлекеті» 2010-жылдардың ортасында Ирак пен Сирияның басым бөлігіне бақылау орнатты. АҚШ пен оның одақтастарының, Ирак пен Түркия армияларының, Ресей қолдауына ие сирия үкіметі күштерінің, сонымен бірге Сирия қарулы оппозициясының әскери науқаны нәтижесінде ұйым ол жерлерден айрылып, партизандық соғысқа көшкен. ИМ жақтастары Африка елдері мен Ауғанстанда да қарулы күрес жүргізіп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM