Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ереванда Пашинянға қарсы көтерілгендер баррикада тұрғызып жатыр

KAZAKBOL.COM

Жексенбі күні Ереван орталығында Армения оппозиция күштері митинг ұйымдастырды. Олар премьер-министр Никол Пашинянның қызметтен кетуін талап етті.

Акцияның ресми бөлігі аяқталған соң наразы топ тараған жоқ. Олар қоқыс жәшіктері мен орындықтардан баррикада тұрғызып, бірге тәулік бойы акция өткізуге қажетті палаткалар тігіп қойды.

Полициямен қақтығыс болғаны хабарланды. Бірнеше мың қала тұрғыны жиналған алаң қоршалды, бұл маңда автокөлік қозғалысы тоқтады.

Көпшілік алдында сөйлеген оппозиция жетекшілерінің бірі, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Артур Ванецян митингті «армян ұлтының реинкарнациясы» атады.

Арменияда Пашинянға қарсы жаппай наразылық 25 сәуірде басталды. Оппозиция саясаткер мен оның үкіметін Таулы Қарабахты Әзербайжан жері деп танитын келісімге отырғысы келеді деп айыптады.

Никол Пашинян Арменияда 2018 жылы халық наразылығы арқасында билікке келді. Ол ел басқарып тұрған уақытта Армения Таулы Қарабах үшін Әзербайжанмен арада болған қарулы жанжалда жеңіліп қалды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM