Баян Мақсатқызынан кеткелі бері әншінің жұлдызы жарқырай түсті.
Әдетте продюсерден еншісін алып шыққан әншілер бірден табысқа жете қоймайды. Өздігінен аяққа тұру үшін біраз еңбектенеді, сүрінеді, қайта көтеріледі. Ақырындап халықтың жүрегіне жол табады. Ал Ерке Есмаханда олай болған жоқ. Баян Мақсатқызынан кеткелі бері әншінің жұлдызы керісінше жарқырай түскендей, — деп жазады Stan.kz.
Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын “Қайда?” бейнебаянының жалғасы ретінде Ерке “КЗ жігіт” атты туындысын ұсынған болатын. Аталмыш әнбаян небәрі 2 тәулікте бір миллион қаралым жинап, Ернар Айдардың (“Күнім, сен сөнбеші” 3 тәулікте миллион рет қаралған болатын) рекордын бұзған еді. Бүгін бұл көрсеткіш жаңарды.