Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ернін үлкейтпек болған сұлу қыз әп-сәтте құбыжыққа айналып кетті (фото)

KAZAKBOL.COM

Ерніне ота жасатқан бойжеткен. Фото: 1news.az

Сәтсіз ота жасатқан 22 жастағы түрік қызы Мерве Келештің оқиғасы өз еліндегі беделді БАҚ беттерінде жарияланды.

Мервеге сәтсіз ота жасаған жігіт басында өзін Әзірбайжаннан оқып келген дәрігермін деп таныстырған. Кейіннен ол өзінің ешқандай да дәрігер емес, қарапайым шаштараз екенін мәлімдеген деп хабарлайды 1news.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Sozcu.com.tr жазуынша, Мерве кішкентай кезінен ернінің кішкентайлығынан ыңғайсызданып, үлкейтуді армандаған.

Ерніне ота жасатқан бойжеткен. Фото: 1news.az

Бойжеткен желіде Сонер.Г  есімді адамның силикон екпесі арқылы ерінді үлкейтуге болады деген хабарландыруын оқыған соң, ота жасатуға шешім қабылдайды.

«Ол Әзірбайжанда білім алғанын айтты. Басында маған ернімді уақытша үлкейтетін дәрі екті. Ол үшін мен 500 түрік лирін төледім  (шамамен 44500 теңге), бірақ оның әсері бір аптадан кейін жоқ болып кетті. Сосын 1000 лирға ерніме силикон құйылды«,-дейді ол.

Ерніне ота жасатқан бойжеткен. Фото: 1news.az

Силикон екпесі Келештің үйінде жасалған, себебі Сонер. Г клиниканың жабық екенін ескертіпті. Процедура басталысымен бойжеткеннің ерні үлкея түскен, дәрігер болса бұған өзінің еш қатысы жоқтығын айтқан. Ол қыздың ерніне инфекция түскендігін алға тартып, емханаға баруды ұсынады.

Ерніне ота жасатқан бойжеткен. Фото: 1news.az

Мерве Келеш өзі медбике болып істейтін емханаға барып, тексерістен кейін белгісіз ертінді кесірінен ерні аллергиялық реакция бергеніне көзі жетеді.

Ерніне ота жасатқан бойжеткен. Фото: 1news.az

Бұдан кейін бойжеткен Сонер Г. үстінен арыз түсірген, ол болса  «Мен дәрігер емес, шаштаразбын. Ешқандай процедура да өткізбегенмін. Маған жала жауып отыр«, — деп ақталған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM