Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Есірткі заттарын такси арқылы жолдаған Жамбыл облысының тұрғынына сот үкімі шықты

KAZAKBOL.COM

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 48 жастағы Жамбыл облысының тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Белгілі болғандай, ол Жамбыл облысындағы жайылымдардың бірінде өздігінен өсіп тұрған жабайы құрамында есірткі заттар бар қарасораны жұлу арқылы кептіріп, майдалап жалпы салмағы 14 076,25 грамды құрайтын, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі заты — марихуананы өткізу мақсатында заңсыз алып иемденген, сақтаған және тасымалдаған.

Содан, өзінің қылмыстық әрекеттерін әрі қарай жалғастыра отырып, 2022 жылдың сәуір айында есірткі затын өткізу мақсатында, «Индрайвер» қосымшасы арқылы Шымкент қаласы бағытындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын таксиге салып жіберген. Дегенмен, оның ойы іске аспай, есірткі заттары сақталған такси автокөлігі Шымкент қаласындағы автобекеттердің бірінде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сотқа дейінгі тегеп-тексеру барысында, такси жүргізушісі есірткі заттарын өзіне салып жіберген қорапты ашпағанын және оның ішінде не болғанын білмейтінін, жөнелтушінің айтуы бойынша ішінде киімдер мен тамақ бар деп айтқанын көрсеткен. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне жөнелтушінің деректерін көрсетіп, есірткі заттарын өз еркімен тапсырған.

Полиция қызметкерлерімен жеткізілген есірткі заттарын жөнелтуші өзінің кінәсін толық мойындап, басты сот талқылауында бұл әрекеттеріне өкінетінін жеткізген.

Соттың үкімімен айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 10 (он жыл) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотпен сотталушының жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM