Бүгін Брюссельде Еуропалық одақтың екі күндік саммиті ашылады. Күн тәртібіндегі басты мәселе — Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуы.
Дегенмен Британия мен Еуроодақ өкілдерінің Брекзитке қатысты келіссөздерінен әлі нәтиже шыққан жоқ.
Ал 19 қазанда британ парламентінің премьер Борис Джонсонға берген мерзімі түгесіледі. Соған дейін Брекзит туралы келісім дауысқа салынбаса, Джонсон Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығу мерзімін 31 қазаннан кейінгі уақытқа шегеруін сұрауы тиіс.
Сәрсенбі күні келіссөздер күні бойы жүрді. Кешке келіссөз мәтіні жалпы келісілгені хабарланды. Дереккөз мәліметтеріне қарағанда, Британия бірқатар ережеден бас тартуға мәжбүр болған, солардың ішінде Ирландия шекарасына қатысты мәселе де бар.
Солтүстік Ирландияның Демократиялық юнионистік партиясының өкілі келісімнің мақұлдануын қалап отыр. Олардың дауысынсыз Джонсон Брекзит туралы келісімде парламенттен өткізе алмайды. Бейсенбі күні таңертең юнионистер келісімнің қазіргі нұсқасына көңілі толмайтынын мәлімдеген. Келіссөздер жалғасып жатыр.
Британ парламенті ЕО саммитінің қорытындысын 19 қазанда талқылайды. Премьері Джонсон Британия ЕО құрамынан 31 қазанда қайткен күнде де шығатынын бірнеше мәрте мәлімдеген.
KAZAKBOL.COM