Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейдің Өзбекстанға АЭС салу жоспары Ташкенттің басты проблемасына айналды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан төрт жыл бұрын Атом электр станциясын салуды жоспарлаған кезде, әлем басқаша болатын. Осылай деп Eurasianet.org жазады.

2018 жылы 19 қазанда Мирзияев пен Путин Жызақта АЭС құрылысының символикалық конопкасын басқан. 11 млрд долларға бағаланған атом электр станциясын ресейлік “Росатом” мемлекеттік компаниясы Мәскеудің несиесіне салмақ болған.

Ресей Украинаға басқыншылық жасағаннан кейін жобаның болашағы бұлыңғыр болып қалды. Мақалада Ресейге енгізілген санкцияларға байланысты “Росатом” компаниясымен әріптестік жасау қиын болатыны айтылған.

Колумбия университетінің Ғаламдық энергетикалық саясат орталығының Қауіпсіздік саласының халықаралық бастамалар директоры Ричард Нефью “Росатом” санкциялық тізімге енбесе де кедергі көп болатынын айтады.

“Қаржы транзакциясы, технологиялар саласындағы барлық санкциялар жобаны жүзеге асыруға кедергі болады”.

Қазір Өзбекстан үшін бұл жоба ең басты проблема боп тұр делінген мақалада

Ал Ресей бұл жобадан қайтпайтынын білдірді. 4 сәуірде “Росатомның” жауапты өкілі Вадим Титов:

“Қазір бұл жобаны жүзеге асыруды жалғастырып жатырмыз, АЭС құрылысы – екі елдің мүддесіне жауап беретін екіжақты әріптестіктің маңыздылығын арттыратын жоба”, — деген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM