Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Еуроодақ орыс мұнайына эмбарго кіргізу бойынша әлі келісімге келе алмаған

KAZAKBOL.COM

Еуроодаққа мүше елдер ұйымның 30 мамырда басталатын саммиті алдында орыс мұнайына толық эмбарго кіргізу (тыйым салу) бойынша келісімге келе алмады. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Сонымен бірге басылым ЕО шенеуніктерінің біріне сілтеме жасап, бұл мәселе бойынша дүйсенбі күні талқылау жоспарланып жатқанын жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, Еуроодақ елдері жыл соңына дейін орыс мұнайын теңіз арқылы алуға тыйым салуды қарастырып жатыр. Сонымен бірге Венгрияны, Словакияны және Чехияны мұнаймен қамтамасыз етіп келген «Дружба» құбыры арқылы жеткізуді бұрынғыдай қалдыру ұсынылған.

Жексенбі күні Bloomberg және Politico агенттіктері Еуроодақ 30 мамырда басталатын саммит алдында орыс мұнайына толық эмбарго кіргізу орнына баламалы ұсыныс жасап шыққанын хабарлаған.

Еуроодақ бір айдан бері Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Мәскеуге қарсы санкциялардың алты пакеті бойынша келісімге келе алмай келеді. Бұған негізінен Будапешт ұстанымы жол бермей жатыр. Венгрия орыс мұнайын алмаса, экономикасы зардап шегетінін айтып, эмбаргоға қарсы болып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM