Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Еуроодақ Орталық Азияға қарсы санкция салмауға уәде берді

KAZAKBOL.COM

Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишель Шолпан атада өткен саммитте «Еуроодақ Қазақстанға, Қырғызстанға және Өзбекстанға санкция салуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

Ол Еуроодақ Ресейдің соғыс машинасын қолдағандарға шара қолданып жатқанын, жаңа санкциялар талқыланып жатқанын атап өтті.

«Біз осыған дейін Ресейдің соғыс машинасын қолдағандарға қарсы санкциялар енгізгенбіз. Бас-аяғы санкциялардың 10 пакетін қабылдадық. Қазір санкциялардың 11 пакетін талқылап жатырмыз. Бұған Ресейдің соғыс машинасын қолдағандар түрткі болды. Біз ешқандай экстратерриториалдық принципті қолданбаймыз», — деді Мишель.

Ол Еуроодақ әріптестерін Ресейге Батыс санкцияларынан айналып өтіп, көмектеспеуге шақырады, екінші жағынан санкцияларға байланысты әріптестерінің ұсыныстарын қарауға дайын деді.

Мамыр айында АҚШ Ресейдің 69 компаниясын «қара тізімге» енгізген. Бұдан бөлек Арменияның және Қырғызстанның компанияларына санкция салған.

Наурыз айында Еуроодақтың санкциялар бойынша арнайы өкілі Дэвид О’Салливан Бішкек және Астанаға барып, сөйлесу жүргізген. Ол Еуроодақ пен Орталық Азия арасында тауар сату 300% өскенін айтып, Ресейге санкцияларды айналып өтуге жол бермеу мәселесін қойған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM