Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Еуропа одағы Украинаға көмекке әскери жойғыш ұшақтарын береді

KAZAKBOL.COM

Еуропа одағы Украинаға әскери жойғыш ұшақтарын көмекке береді. Бұған дейін Киев Ресейдің жердегі және әуедегі шабуылына тойтарыс беру үшін Еуропа одағынан көмек сұраған.

Бұл жөнінде 27 ақпанда Еуропа одағының сыртқы саяси ведомстовосының басшысы Жозеп Боррель хабарлады. Ол Брюссельдің Украинаға мейлінше көмектесуге дайын екенін атап өткен.

Боррелль сөзінше, Ресей Украинаға қолдау көрсеткен елдерге ядролық қару қолдануы мүмкін екенін анық аңғартқан.

«Владимир Путин Украина солдаттарын қаруларын тастауға шақырды және Украинаға көмектескісі келетін елдерге қарата «кімде-кім бізге кедергі жасағысы келсе, Ресейдің жылдам жауап беретінін және оның бұрын-соңды тарихта болмаған зардабын тартатынын» айтты. Путиннің жексенбідегі сөзіне орай сөйлеген Боррель әңгіме ядролық қару туралы екенін, бірақ ол Еуропа одағының Украинаға көмегін тоқтата алмайтынын айтқан.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Еуропа одағының басшылығынан украин ұшқыштары басқаратын әскери жойғыш ұшақтарға зәру болып отырғанын айтқан. Осыған орай «Неміс толқыны» Украина қарулы күштерінде жойғыш ұшақтың советтік Су-27 және МиГ-29 түрлері бар екенін еске салған.

Жексенбіде Жозеп Боррель Еуропа блогының атынан сөйлеген сөзінде «Ресейдің Украинаға басып кіруі Грузия, Молдова, Батыс Балқан елдеріне да әсер етуі мүмкін» деді.

27 ақпанда Еуропа одағы елдерінің сыртқы істер министрлері кездесуінен кейін Ресейге қатаң санкция салуға көшетіні хабарланған. Еуро комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен сөзінше, Еуропа одағы Украинаға қару-жарақ пен өзге де техникалық құралдар сатып алу, жеткізуді қаржыландырады. Фон дер Ляйен Еуропа одағының мұндай қадамға алғаш рет барып отырғанын атап өтті.

Жексенбі күні Bloomberg агенттігі Еуропа одағы Путиннің айналасында жүрген Ресей шенеуніктері мен олигархтарының тағы бір тобына санкция салуы мүмкін екенін жариялаған еді. Bloomberg мәліметіне қарағанда, бұл тізімге Әлішер Усманов, Михаил Фридман, Алексей Мордашов, Дмитрий Песков және Сергей Ролдугин кіруі мүмкін.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM