Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ФБР Трамптың Флоридадағы резиденциясына тінту жүргізді

KAZAKBOL.COM

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясына ФБР қызметкерлері тінту жүргізіп, жеке сейфін ашты деп мәлімдеді. Бұл уақытта Дональд Трамп Нью-Йоркте жүрген екен.

Федералды тергеу бюросы (ФБР) әзірге ресми пікір білдірмеді. Бірақ америкалық БАҚ дереккөзіне сілтеме жасап, тінтуге себеп болған Трамптың Ақ үйден құпия құжаттарды өзімен бірге алып кетуі деп жазып жатыр.

Заңға сәйкес, бұл құжаттар мемлекет меншігіне жатады, АҚШ-тың Ұлттық архивіне беріледі. Бірнеше ай бұрын Ұлттық архив Бас прокуратураға шағым түсіріп, Дональд Трамптың құжаттарды беруден бас тартып жатқанын айтқан.

New York Times басылымының жазуынша, ФБР тінту жүргізу үшін қылмыстық әрекетті тергеп жатқанын айтып, сотқа дәлел келтіруі тиіс. Сарапшылардың пікірінше, егер экс-президенттің үйінен құпия құжаттар табылса, онда бұл расында қылмыстық әрекет болады.

Соңғы уақытта Бас прокуратура Дональд Трампқа қатысты тергеудің аясын кеңейтті деген ақпарат тарады.

Дональд Трамп болса ФБР-дың әрекетін айыптады.

«Осыған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенттеріне қатысты дәл осындай әрекеттер болмап еді. Бұл менің үйіме жүргізілген рейд», — деді ол.

Өкілдер палатасындағы республикашыл Кевин Маккарти егер биыл қараша айында өтетін сайлауда өздері көп дауыс алатын болса, прокуратура әрекетін бірінші қараймыз деп мәлімдеді.

Дональд Трамп президент болып тұрғанда, Мар-а-Лаго резиденциясында көп уақытын өткізетін. Мұнда негізінен ол гольф ойнайтын.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM