Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ферғана облысында тәрбиеленушілері зорланған балалар үйі жабылды


Өзбекстанның Ферғана облысы Маргилан қаласында №1 балалар үйі жабылды. Мұнда екі жыл бұрын жанжал шыққан. Мекемеде зорланған бірнеше қыз жүкті болып, оларды аборт жасауға мәжбүрлеген.

Балалар үйіндегі бір қызметкердің хабарлауынша, бұл мекеме Өзбекстан халық білімі министрінің жарлығымен жабылып жатыр. Құжатқа сәйкес, мұндағы балалар Қоқан қаласындағы балалар үйіне көшіріледі.

Ферғана облыстық халық білімі басқармасының хабарлауынша, Маргиландағы балалар үйі «балаларды тәрбиелеу әдісін жетілдіру» мақсатында қысқарып жатыр.

Екі жыл бұрын Маргиландағы №1 балалар үйінің ондаған қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Мұнда кәмелет жасқа толмаған бірнеше қыздың зорланғаны мәлім болды. Бұған қоса, оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

2018 жылы тамызда Ферғана облыстық соты балалар үйінің бірнеше қызметкерін балаларға зорлық көрсеткені үшін соттады.

https://www.centralasian.org/a/30916883.html

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM