KAZAKBOL.COM

Түркістан облысының Мақтарал ауданында Фердауси атындағы мектепте орамалын шешуден бас тартқан оқушы қыздарды қолдап, мектеп алдында наразылық білдірген сегіз ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасын кию тәртібін сақтау жайлы бұйрығын оқушыларға және олардың ата-аналарына түсіндіру жұмысы жүргізілген. Бұл жұмыс барысында Фердауси ауылының сегіз тұрғынына әкімшілік шара қолданылған.

Төрт адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «билік өкілінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» бабы бойынша, төрт азаматқа, «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот қаулысымен түрлі жаза кесілген.

Фердауси мектебінің директоры Жанар Мамырованың қыркүйектің 11-і күні Азаттыққа айтуынша, қазір орамал тартатын төрт оқушы қыз сабақққа келмей жүр. Олардың екеуінің ата-анасына облыстық білім саласындағы бақылау департаменті айыппұл салған.

“Жаңа оқу жылынан бастап әртүрлі себеппен 15 оқушы басқа мектептерге ауысты. Мектепте 10 психолог орамалын шешкен оқушы қыздармен жүмыс жүргізіп, орамалсыз жүруге бейімдеп жатыр» дейді директор.

Қыркүйектің 6-сы күні Фердауси ауылында мектепке орамалын шешіп баруда бас тартқан 13 оқушы қыздың ата-анасына бес айлық есептік көрсеткішке (бір айлық есептік көрсеткіш — 2405 теңге) тең айыппұл салынған.

​Фердаусидегі орамал дауы білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы қаңтарда шығарған бірыңғай мектеп формасы ережесі туралы №26 бұйрығынан кейін туындай бастаған. Құжатта мектепте қандай да бір дінді насихаттайтын киім киюге тыйым салынған. Билік бұйрықтың орындалуын талап етсе, ата-аналар дәстүрді алға тартып, қыздарының мектепке орамалсыз баруына қарсы шықты.

centralasian.org

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя