Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Филиппин үкіметі Ресейден әскери тікұшақ алудан бас тартты

KAZAKBOL.COM

Филиппин үкіметі Ресейден әскери тікұшақ сатып алу туралы келісімнен бас тартты, деп хабарлады Associated Press агенттігі.

Филиппин қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, Ресей Украинаға басып кірген соң онымен әскери-сауда саласындағы әріптестікті доғармаса, онда АҚШ Филиппин үкіметіне санкция салуы мүмкін. Әскери тікұшақтар сатып алу келісімінің құны 227 млн доллар. Құжат Ресей басқыншылығына дейін жасалған, бірақ енді Филиппин үкіметі келісімді бұзады.

2021 жылғы қарашада қол қойылған келісімге сәйкес, Ресейдің «Совтехноэкспорт» кәсіпорыны филиппин армиясына 16 Ми-17 тікұшағын жеткізуі тиіс болған. Филиппиннің бұрынғы қорғаныс министрі Дельфин Лорензананың мәлімдеуінше, Ресейден әскери техника сатып алудан бас тартқанын үкімет Вашингтонға хабарлаған, енді АҚШ Филиппинге әскери тікұшақ жеткізе алады.

Ми-17 — жолаушы және жүк таси алатын тікұшақ. Ол 26 жолаушы және 8 тонна жүк таси алады.

Биыл сәуір айында Үндістан да Ресейден 48 Ми-17В5 тікұшағын сатып алуды кейінге қалдырды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM