Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Forbes Kazakhstan Назарбаевтың күйеу баласын «жыл бизнесмені» деп атады

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты Forbes Kazakhstan журналы «жыл бизнесмені» деп атады.

Мұқабасында Тимур Құлыбаевтың портреті бар журналдың жаңажылдық алғашқы саны 4 қаңтарда жарық көріп, сатылымға түсе бастады.

Тимур Құлыбаев президент Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның күйеуі. 2011 жылдан бері ресейлік «Газпром» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі. Тимур мен Динара «АЛМЭКС» компаниясы арқылы Халық банкті бақылайды. Өткен жылы банк активі жағынан Қазақстандағы ең ірі банктің бірі саналатын Қазкоммерцбанкті сатып алды. Құлыбаев елдегі өзге ірі компаниялардың активтерін бақылайды.

«Қазкоммерцбанк пен Халық банктің бірігуі, сақтандыру нарқындағы, авиация және медициналық бизнестегі ұстанымының нығаюы — осының бәрі бизнесменге балл жинады. Оның өткен жылдағы ең маңызды жетістігі “Атамекен” мен билік арасындағы диалогты күшейтуі», — делінген Forbes Kazakhstan жазған мақалада. Онда 2017 жылы Құлыбаев Forbes Kazakhstan болжамы бойынша «ең беделді 50 бизнесменнің» ішінде топ жарғанын және Қазақстанның «ең бай 50 бизнесмені» ішінде алғашқы үштікте екені айтылады.

Тимур Құлыбаев KAZENERGY мұнайгаз және энергетикалық комплекс ұйымдары қауымдастығын, Ұлттық олимпиада комитетін басқарады. Қазақстан бокс федерациясының жетекшісі. Америкалық Forbes журналының есебі бойынша, Тимур Құлыбаевтың байлығы 2,1 миллиард долларға бағаланады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM