Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Forbes рейтингі: Құлыбаевтардың байлығы артып, Владимир Ким мен Өтемұратовтың табысы азайған

KAZAKBOL.COM

Forbes журналы әлемдегі бай адамдардың тізімін жариялады. Бұл тізімге Қазақстаннан бес адам кірген.

Forbes журналы ең бай қазақстандықтар қатарына жатқызатын 62 жастағы Владимир Ким дәулетті адамдар тізімінде 591-орынға жайғасқан. Оның табысы – 4,3 млрд доллар. Былтырмен салыстырғанда Владимир Кимнің табысы азайып, рейтингте төмендеген. Forbes журналының 2022 жылғы рейтингінде KAZ Minerals иесі 5 млрд доллармен 552-орында тұрған еді.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен Тимур Құлыбаевтың табысы артқан. Ерлі-зайыптының әрқайсысының былтырғы табысы 3,8 млрд доллар болса, биыл 4,3 млрд долларға жеткен. Тимур мен Динара Құлыбаевалар рейтингте 636-орынды бөлісіп тұр.

Каспи банктің иегерлерінің бірі Вячеслав Кимның табысы бір жылда екі есеге жуық артқан. Оның былтырғы табысы 2 млрд доллар болса, биыл 3,6 млрд долларға жеткен. Ким рейтингте 1513-орыннан 787-орынға көтерілген.

Қазақстанда кәсіп жүргізіп келе жатқан Грузия азаматы, 47 жастағы Ломтадзенің капиталы да бір жыл ішінде 1,9 млрд доллардан 3,6 млрд долларға өскен.

Freedom Holding брокерлік компаниясының басшысы Тимур Турлов 1292-орыннан 949-орынға көтерілген. Оның былтырғы табысы 2,4 млрд доллар болса, биылғы табысы 3,1 млрд долларға жеткен.

Бұрынғы президент Назарбаевтың істерін басқарумен айналысқан, 65 жастағы Болат Өтемұратовтың табысы сәл азайған. Ол рейтингте 1096-орыннан 1104-орынға төмендеген. Табысы 2,8 млрд доллардан 2,7 млрд долларға кеміген.

Қазақстаннан Forbes журналының байлар рейтингіне енгендердің басым бөлігі – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын адамдар. Олардың көбі Назарбаев билік құрып тұрған тұста байыған.

Ал Forbes журналының биылғы тізімінде бірінші орында LVMH компаниясының басшысы Бернар Арно (табысы – 211 млрд доллар), екінші орында Tesla иесі Илон Маск (180 млрд доллар), үшінші орында Amazon жетекшісі Джефф Безос (114 миллиард доллар) тұр.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM