Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ошта таксишілер жүгенсіздігі мәселесін көтерген қырғыз журналисіне қоқан-лоқы көрсетті

KAZAKBOL.COM

Ош қаласының әуежайында таксишілер жүгенсіздігі мен «Достық» шекара бекетіндегі қиыншылықтар мәселесін көтерген қырғызстандық журналист Шохрух Саипов белгісіз біреулер қоқан-лоқы көрсеткенін жазды.

«Бәз біреулер арандаттың деп айыптаса, енді біреулері ұлт араздығын қоздырғаның үшін түрмеге отырғызу керек деп қорқытып жатыр. Соған қарамастан мен мәселе түбегейлі шешілмейінше ол тақырыпты қозғай беремін», − деп жазды Саипов Facebook’тегі парағына. Журналист қоқан-лоқы әлі тоқтамағанын айтты.

Өткен аптада Ош қаласының милициясы әуежай мағында жұмыс істейтін таксишілерді әңгімелесуге шақыртты. Бұның алдында Өзбекстан азаматтары Оштағы таксишілер озбырлығына шағымданған. Арызданушылардың айтуынша, әуежай маңындағы таксишілер жолаушыларды автокөлікке күшпен отырғызып, екі ел арасындағы шекараға дейінгі 5-6 шақырымдық жерге адам басына 500 сомнан төлеттіреді.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының мәліметінше, кейде таксишілер өзбекстандық жолаушыларды бес мың сомнан төлеуге мәжбүрлейді. Мәліметтерге қарағанда, Өзбекстанмен шекарадағы «Достық» бекетінде де осыған ұқсас жағдайды көруге болады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM