Әсел мен Бенджамин. Фото: pandaland.kz
Бұл туралы pandaland.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
«Мені Бенджаминмен сол кездері Францияда тұрған құрбыларым таныстырды. Болашақ жарымды 2008 жылы алғаш рет көрдім. Бірақ, ол кезде Бенджаминнің басқа қызы бар еді. Содан соң, ол қызымен айырылысып кетті. Екеуміз кейін интернет арқылы жақсы сөйлесе бастадық.Бірақ, ағылшын және француз тілінде бір ауыз сөз білмейтін маған басында қиын соқты», — дейді Әсел.
Әсел мен Бенджаминнің ара-қатынасы тез әрі оңды болды. 2012 жылы француз жігіті Әселді өз еліне шақырған.
Әсел мен Бенджамин. Фото: pandaland.kz
«Мен оның қасында екі апта болдым. Сол кезде екеуміздің бір-біріміз үшін жаратылғанымызды түсіндім. Кейін ол менің ата-анаммен танысып, ұсыныс білдіру үшін Алматыға ұшып келді», — дейді ол.
«Бізде дәстүрлі үйлену тойы болған жоқ. Тек қырық шақты адам шақырып, шағын той өткіздік. Үйлену тойынан соң қызыммен бірге Францияға көшіп кеттім. 2016 жылдың тамызына дейін Парижде тұрғанбыз, кейін күйеуімнің қалауымен Провансқа көшіп кеттік. Мұнда табиғат керемет. Көлікпен 35 минут жүрсек теңіз жағалауына да жетесің. Маған француз тілін білмеген соң алғашында қиындау болды. Бірақ жарты жылдан соң бала күтуші ретінде жұмысқа шыға алатындай жағдайда болдым. Тіпті, қаржы бөлімінде бір жылдан аса жұмыс істедім. Жұмысқа орналасқанымды французша еркін сөйлей алмасам да, маған басшылық жақсы қарады», — дейді француз жігітімен тұрмыс құрған қазақ қызы.
Әсел мен Бенджамин және қыздары. Фото: pandaland.kz
Әсел бүгінде Бенджамин екеуінің тез тіл табысып, бір-біріне үйреніп кеткенін айтады.
«Менің күйеуім шыдамсыз, жауапкершілігі жоғары адам. Ал менің тез ренжіп қалатыным бар. Мен еуропалыққа күйеуге шығатынымды біліп, солардың менталитетін зерттедім. Ол маған ақшаны үнемдеп жұмсауды, босқа шаша бермеуді үйретті. Өз елімде ақшаны оңды-солды шашатын мен мына жақта үнемшіл бола бастадым. Өйткені, өмір сүру қымбат. Салық, жалға алынатын пәтер… Француздар ертең не болатынын білмейді, сондықтан, зейнеткерлікке қазірден бастап дайындалады», — дейді Әсел.
Әсел мен Бенджамин. Фото: pandaland.kz
Бенджамин Әселдің бірінші некедегі қызына өзінің туған қызындай қарайды.
«Бастысы, ол менің қызымды жақсы көреді. Оның сабағын, жүріс-тұрысын қадағалап отырады. Ал, ата-енем менің қызымды туған немересіндей көреді. Олар протестанттар, қарапайым ғана адамдар», — деген Әсел екі елдің жігіттерін де салыстырып көрді.
Әсел мен Бенджамин. Фото: pandaland.kz
«Француздардың отбасы алдындағы жауапкершілігі жоғары. Олар алға қойған мақсатына жетіп, үйленетін жағдайға жеткенде ғана шаңырақ құруды ойлайды. Тойда ата-аналарына еш салмақ салмай, барлығын өздері қамтамасыз етеді. Мұнда ата-анасының тойға көмек көрсететін кезі сирек. Мұнда жастар тек бірге тұрады. Жай ғана пәтер жалдап, бірге өмір сүреді», — дейді ол.
KAZAKBOL.COM