Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкенттік танкистер штаттық снарядтан оқ атуды орындады

KAZAKBOL.COM

Еліміздегі ауқымды полигондардың бірінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы механикаландырылған бригаданың танк батальоны штаттық снарядтан бақылау оқ атуларын орындады.

Шымкенттік танкистер штаттық снарядтан оқ атуды орындадыЭкипаждар Т-72Б танкінің 125-мм зеңбірегінен шартты қарсыластың бронды техникаларына не пайда болған және қозғалатын нысанаға штаттық снарядтан оқ атты.

Жаттығу шарты бойынша танкистерге үш штаттық артиллериялық оқ, сондай-ақ ПКТ пулеметіне 35 оқ беріледі. Атыс дайындығы бойынша сабақтарға 15 экипаж тартылды.

Шымкенттік танкистер штаттық снарядтан оқ атуды орындадыСабақ барысында әскери қызметшілердің теориялық білімі мен практикалық дағдылары тексерілді. Сондай-ақ танк экипаждары оқ-дәрілерді тиеу, жауынгерлік машиналарды жорық жағдайынан жауынгерлік жағдайға ауыстыру, нысандарды барлау, «ПКТ» және «НСВТ» штаттық пулеметтерін бөлшектеу мен жинау, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нормативтерді орындады.

Шымкенттік танкистер штаттық снарядтан оқ атуды орындадыАтыс дайындығы механикаландырылған бригада танк батальонының командирі майор Руслан Қожағалиевтің басшылығымен өткізілді. Ол сабақ барысында Т-72Б танктері экипаждарының іс-қимылдарының үйлесімділігіне және кәсіби дағдыларына ерекше назар аударылғанын айтты.

Шымкенттік танкистер штаттық снарядтан оқ атуды орындады— Танкистер бақылау ату жаттығуларын сенімді түрді орындап, жақсы баға алды. Ал атыс дайындығы бойынша сабақтар танк бөлімшесімен ұрыс жүргізудің барлық негізгі мәселелерін қамтитындай етіп жоспарланған, — деді батальон командирі.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM