Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Гүлнәр Каримоваға тиесілі 850 млн доллар өзбек халқына таратылуы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Фото: РБК

Өзбекстандағы «Солнечный Узбекистан» коалициясының негізін қалаушы оппозиционер Санжар Умаров америкалық БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, Гүлнәр Каримоваға тиесілі 850 миллион доларды өзбек билігіне қайтармау мәселесін көтерді.

Осынау миллиондаған қаражатты биыл жыл басында АҚШ-тың Әділет министрі бұғаттап тастаған болатын деп жазады centralasian.org- ке сілтеме жасап Skifnews.kz порталы.

Оппозиционер бұл ақшаны өзбек халқына таратып беру керек деген пікірде.

Оның айтуынша, егер Өзбекстан билігі қаражаттың халықтың қолына тиетініне кепілдік берсе, 850 миллионның барлығы кері қайтарылуы расымен де мүмкін.

«Бұл ақша жемқорлықтан зардап шеккендерге таратылып берілуі керек. Ал, жемқорлықтан өзбек халқының бәрі зардап шеккен. Сондықтан, анайы қор құрып, сол қор арқылы Каримоваға тиесілі қаражатты елге таратып беруіміз керек», — дейді Умаров.

Оның пікірінше, ақшаны ресми Ташкентке қайтару өте қауіпті. Өйткені, елді билеп отырғандар оны өздеріне «сіңдіріп» жіберуі әбден мүмкін.

Қазіргі таңда өзбекстандық саяси мигранттар Change.org сайтында петиция жариялап, АҚШ пен Еуропа елдерінің басшыларынан Өзбекстан билігіне Каримовтардың ақшасын қайтармауды сұрап отыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM