Гүлнәр Каримованың ұлы, кіші Ислам Каримов. Фото: Азаттық
BBC-ге берген, 1 тамызда жарияланған сұхбатында кіші Ислам Каримов анасына жала жабылып отыр деді.
28 шілдеде Өзбекстан бас прокуратурасы Каримованың қамауда екенін хабарлаған. Прокуратураның ақпараты бойынша, 2015 жылы тамызда Ташкент облыстық қылмыстық істер соты Каримованың бас еркіндігін бес жылға шектеген. Оған қатысты қылмыстық кодекстің басқа бабы бойныша тергеу жалғасып жатыр.
Кіші Ислам Каримов өзінің анасына қарсы барлық мәлімдемелердің бәрі «бұрмаланған, қолдан жасалған».
Бұрынғы президент жиенінің сөзінше, Гүлнәр Каримоваға телінген активтер (істе екі миллиард доллар көлемінде қаржы жымқырғаны айтылады) шын мәнінде анасынікі емес. Ол Өзбекстанда әлі күнге дейін билікте отырған адамдардың көбінің байлығы бар дейді.
Каримованың ұлы BBC-ге бірінші тамыздан бастап үшінші шілдеде дайындалғанын, онда анасының түрмеге ауыстырылғаны хабарланғанын айтады. Бұл құжаттың растығын анықтау мүмкін болмай тұр.
KAZAKBOL.COM