Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Гүлнәр Каримованың ұлы: Анама жала жауып отыр

KAZAKBOL.COM

Гүлнәр Каримованың ұлы, кіші Ислам Каримов. Фото: Азаттық

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәр Каримованың ұлы, кіші Ислам Каримов бас прокуратураны анасына қатысты қылмыстық істі қолдан жасап отыр деп айыптады. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

BBC-ге берген, 1 тамызда жарияланған сұхбатында кіші Ислам Каримов анасына жала жабылып отыр деді.

28 шілдеде Өзбекстан бас прокуратурасы Каримованың қамауда екенін хабарлаған. Прокуратураның ақпараты бойынша, 2015 жылы тамызда Ташкент облыстық қылмыстық істер соты Каримованың бас еркіндігін бес жылға шектеген. Оған қатысты қылмыстық кодекстің басқа бабы бойныша тергеу жалғасып жатыр.

Кіші Ислам Каримов өзінің анасына қарсы барлық мәлімдемелердің бәрі «бұрмаланған, қолдан жасалған».

Бұрынғы президент жиенінің сөзінше, Гүлнәр Каримоваға телінген активтер (істе екі миллиард доллар көлемінде қаржы жымқырғаны айтылады) шын мәнінде анасынікі емес. Ол Өзбекстанда әлі күнге дейін билікте отырған адамдардың көбінің байлығы бар дейді.

Каримованың ұлы BBC-ге бірінші тамыздан бастап үшінші шілдеде дайындалғанын, онда анасының түрмеге ауыстырылғаны хабарланғанын айтады. Бұл құжаттың растығын анықтау мүмкін болмай тұр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM