Қайрат Нұртас анасы Гүлзира Айдарбековамен. Фото: Comode.kz
«Қайраттың жақсы көрген адамдарын мен жек көре алмаймын. Мен мұны оларды жек көргеннен емес, сақтап қалғым келген соң жасырамын. Олардың өмірлерінің ғұмырлы болуын және ешкімнің тиіспеуін қалаймын. Баламның жанұясы мен оларды қорғаймын», — дейді ол.
Әншінің продюсері өзінің не себепті келінін жасыратынын халықтың білетін уақыты келгенін, 12-ші қазан күні шығатын жаңа фильмде бәрі айтылады деп отыр.
«Құдай қаласа қазанның 12-сі күні жаңадан шығатын фильмде осының бәрі жарияланады. Халықтың шындықты білетін уақыты келді», — дейді Гүлзира.
Еске салсақ, Гүлзира Айдарбекова сәуір айында «Келін» аты жаңа фильмнің түсірілімі басталғанын айтқан болатын.
KAZAKBOL.COM