Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Гаага соты Лачин дәлізін ашуды талап етті

KAZAKBOL.COM

Гаага халықаралық соты 22 ақпанда Әзербайжанды Лачин дәлізіндегі қозғалысты шектемеуге міндеттейтін сот шешімін шығарды. Бұл дәліз – Таулы Қарабақ пен Арменияны жалғайтын жалғыз жол.

Ол былтыр желтоқсанның ортасынан бері жабылып, соның салдарынан Таулы Қарабақтағы армян әкімшілігі бақылап отырған аумақта гуманитарлық жағдай едәуір қиындаған еді.

Гаагадағы сотқа Армения мен Әзербайжан қатар жүгінген. Тараптар бір-бірін кінәлап, соттан шара қолдануды өтінген. Сот Арменияға қарсы түсірілген шағымды кері қайтарды. Ал Арменияның шағымындағы Лачин дәлізін босату туралы бөлікті қанағаттандырды. Алайда сот Арменияның аймаққа табиғи газ беруді қалпына келтіру туралы шағымын орындаған жоқ. Соттың пікірінше, армян жағы «Әзербайжан газдың келуіне кедергі келтіріп отыр» деген тұжырымын дәлелдей алмаған.

Лачин дәлізі – Таулы Қарабақты Армениямен жалғайтын жалғыз жол. 2020 жылғы қарашада Армения мен Әзербайжан арасындағы соғыстан кейін жасалған келісімнен кейін дәліз Баку бақылауына өтіп, оны ресейлік бітімгер күштер бақылай бастаған.

Былтыр желтоқсанның ортасында әзербайжан белсенділері жолды жапқан. Әзербайжан жағының түсіндіруінше, белсенділер армян билігінің Таулы Қарабақ аумағындағы табиғи ресурстарды заңсыз игеруіне қарсы шығып, жолды бекіткен.

Ереванның мәліметінше, Лачин дәлізі бекітілгеннен кейін Таулы Қарабаққа азық-түліктің маңызды түрлерін жеткізу қиындаған. Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеме жасап, ресейлік бітімгер күштерді «әрекетсіздігі үшін» айыптаған.

Бұған дейін Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Ереван Әзербайжан аумағында заңсыз әрекетін жалғастыру үшін халықаралық әріптестерін жаңылдырып отыр деп мәлімдеген.

Армения мен Әзербайжан арасында Таулы Қарабақ төңірегіндегі шиеленіс 80-жылдары, Совет Одағы ыдырай қоймаған тұста басталған. Бұл аумақта армян ұлтының өкілдері тұрған, бірақ жер Әзербайжанға тиесілі болған. Сол жылдардағы соғыстың салдарынан Армения Таулы Қарабақтың едәуір бөлігін басып алған. 2020 жылы күздегі алты апталық соғыста Әзербайжан сол жерлерді қайтарып алды. Соғыс аумаққа Ресейдің бітімгер әскерінің кіруімен аяқталды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM