Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Гафур Рахимов Өзбекстанның Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды

KAZAKBOL.COM

Халықаралық бокс ассоциациясының (AIBA) бұрынғы басшысы Гафур Рахимов Өзбекстанның Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Бұдан бөлек елдің Кәсіпқой бокс федерациясының 16 сәуірде өткен кезектен тыс отырысында федерация президенті қызметіне осыған дейін AIBA бас хатшысы болып істеген Умид Якубов, оның орынбасары қызметіне Зиевуддин Жожиниезов сайланды.

2018 жылы шілдеде Өзбекстанның бас прокуратурасы Гафур Рахимовтың аты-жөнін іздеудегі адамдар тізімінен шығарып, сол жылы қараша айында ол Халықаралық бокс ассоциациясының басшысы болып сайланған.

Оған дейін АҚШ-тың қаржы министрлігі Рахимовты санкциялар тізіміне енгізген. 2019 жылы наурызда Халықаралық олимпиада комитеті Рахимовтың AIBA басшысы қызметіне үміткер ретінде тіркелуі өзінің ықпалын сақтап қалуға әсер етуі мүмкін деген. Ол өзіне тағылған айыптар ойдан шығарылған деген.

2020 жылы сәуірде Рахимов сотта АҚШ-тың қаржы министрлігінен жеңіліп қалып, бүгінгі күнге дейін Вашингтонның санкциялар тізімінде қалып отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM