Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

«Гауһар бала» Комил Алламжонов Uzmetronom.com сайтының негізін қалаушы Сергей Ежковты сотқа берді

KAZAKBOL.COM

Масс-медианы дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің басшысы, кәсіпкер Комил Алламжонов Uzmetronom.com сайтының негізін қалаушы Сергей Ежковтың үстінен арызданды.

Бұл туралы арызданушы Telegram’дағы арнасы арқылы хабарлады.

«Биыл 21 ақпанда Сергей Ежков Uzmetronom.com сайтында «Гауһар бала» атты мақала жариялап, онда мені Өзбекстанға 4,2 млн доллардың зергерлік бұйымдарын заңсыз өткізді деп негізсіз айыптағанын білесіздер», — деп жазды Комил Алламжонов.

«Әлбетте, мен Сергей Ежковпен таныс емеспін, бірақ адамдар оның 2016 жылға дейін арнайы қызметтің біреулерді қаралайтын тапсырыстарын орындағанын айтты. Бірақ мен оның анық-қанығын білмеймін», — дейді кәсіпкер.

Сергей Ежковтың үстінен құқық қорғау органдарына арыз түсіргенін айтқан Комил Алламжонов осы мәселеге қатысты мәліметтерді тергеу мен сотқа беруге дайын екенін білдірді.

Uzmetronom.com сайтында 21 ақпанда жарияланған материалда 17 ақпанда Ташкентке Мәскеуден «Аэрофлот» рейсімен дизайнер Жульетта Гурман келгені, ол елге 4,2 млн доллардың алтыны мен гауһар тастарын заңсыз өткізуге талпынғаны айтылды.

«Жульеттаны Ташкентте өте ықпалды адам күтіп алып, бағалы заттарды қабылдап алуы керек болған. Сол себепті ол ештеңеден қорықпаған. Алайда өзбекстандық кеденшілер одан заттарын көрсетуін сұрағанда, ханым қатты ашуланған», — делінген материалда.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM